Корпорация туралы

Сарыарқа  ӘКК басты мақсаты өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етуінде, оған:

  • мемлекеттік және жеке серіктестікті біріктіру, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен,
  • жоғары технологиялық озық шешімдерді енгізу,
  • өңір экономикасының басымды секторларында бәсекеге қабілетті қолданыстағы өндірістерді модернизациялау және жаңаларын ашу арқылы қол жеткізіледі.

Жобаларды қаржыландыруды біз инвесторлармен бірлесе отырып құрылған кәсіпорындардың жарғылық капиталына ену арқылы жүзеге асырамыз, ал алынатын дивидендтерді жаңа жобаларды қайта инвестициялауға және қаржыландыруға, сондай-ақ Қарағанды өңірінің әлеуметтік жобаларын іске асыруға бағыттаймыз.

Корпорация қызметінің басты қағидаттары – тиімділік, бәсекеге қабілеттілік, инвестициялық тартымдылық, акционерлер мен серіктестердің мүдделерін теңгерімді түрде сақтау. 

«Сарыарқа»  ӘКК» ҰК» АҚ үшін кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың басымды бағыттары: жер қойнауын пайдалану саласы, Металлургия-Металл өңдеу  Индустриалдық паркінің құрылысын қосқанда, шикізаттық емес сектор, шикізаттық, агроөнеркәсіптік сектор, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорын қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар қызметтің маңызды бағыттары инновациялық, өндірістік және өңдеуші кәсіпорындарына инвестициялар құю, венчурлік старт-аптарды қаржыландыру болып табылады.

Сайт корпорация қызметі туралы, біздің іскер серіктестеріміз, жобаларымыз бен әлеуметтік бағыттарымыз туралы әділ және нақты ақпарат ұсынады