Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқару

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ стратегиясына сәйкес:

Корпоративтік басқару  – компания акционерлерінің, Директорлар кеңесінің және атқарушының арасындағы Компанияның таңдап алған өзара әрекеттесу тәсілі, ол ағымдағы кірістілікті барынша көбейтуге және Компанияның акционерлік капитал құнын арттыруға бағытталған барынша тиімді қызметін қамтамасыз етеді.
Компания корпоративтік басқаруды өз қызметінің тиімділігін арттыру, өзінің абырой-беделін нығайту құралы ретінде қарастырады.

Акционерлік қоғамды басқару органдары:

  • жоғарғы орган – акционерлердің жалпы жиналысы (егер барлық дауыс беруші акциялар бір акционерге тиесілі болса, жекеше акционер);
  • басқару органы – Директорлар кеңесі;
  • атқарушы орган – Басқарма;
  • Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган – Ішкі аудит қызметі болып табылады.

Бұл органдардың арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және Компания Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Компанияны басқарудың қолданыстағы үлгісі, ең алдымен, оның ұйымдық-құқықтық формасына және Компанияның негізгі қызметінің ерекшелігіне шартталған.


Компания қызметінің жалпы жетекшілігін, акционерлердің құзырына жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Компанияның Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

Басқарма алқалы орган болып табылады және акционерлердің (жекеше акционердің) жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің ерекше құзырына жататын қызметтерді қоспағанда,  Компанияның  ағымдағы қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін акционерлердің (жекеше акционердің) және Директорлар кеңесінің алдында жауапты болады. Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің сандық құрамын, уәкілеттік мерзімін, Басқарма Төрағасын сайлауды, сондай-ақ оның уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды белгілейді.  
Компанияны басқару құрылымы сатылы жүйе түрінде құрылған, оның негізінде басқарманың төменгі субъектілерінің жоғарғы тұрғандарына бағынуына негізделген басқарудың «тік» үлгісі жатыр.  Басқарудың Жоғарғы органы мен Компанияның өзара әрекет етуі корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Компанияны басқару Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарымен және/немесе Директорлар кеңесіндегі ЖАО қызметкерлері өкілеттіктерімен қарастырылған акционердің (акционерлердің жалпы жиналысының) уәкілеттігін іске асыруы арқылы жүзеге асырылады.  
Жоғарғы орган басымды міндеттерді және қызметтің стратегиялық бағыттарын белгілеу арқылы Компанияны басқаруды қамтамасыз етеді.

Еншілес және тәуелді ұйымдарды басқаруды Компания Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады.

Тиімді корпоративтік басқаруды жүзеге асыру мақсатында Компанияда Корпоративтік басқару кодексі, сондай-ақ Компания қызметін тұтас та, еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара әрекет ету мәселелерін де  регламенттейтін нормативтік құжаттар әзірленіп, әрекет етеді. 

Басқарудың тиімді үлгісін жасау, қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Компания әлемдегі үздік тәжірибеге сәйкес келетін корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын зерттейді.

Тиімді менеджмент жүйесі енгізілуде және жетілдірілуде, нарық жағдайында оның қызмет атқаруымен байланысты барлық қатерлерді анықтауға бағытталған ішкі бақылау және мониторинг механизмдері жақсартылуда.