Инвестициялық пұрсаттылықтар

Инвестициялық пұрсаттылықтар

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес инвестор төмендегілерді ала алады:

  1. Жобаларға арналған пұрсаттылықтар (оның ішінде басымды инвестициялық жобалар):
    • Жабдықтар, оның жинақтаушылары мен қосалқы бөлшектерін, шикізат және материалдар кіргізу кезінде кедендік баж салығын төлеуден босату;
    • Тиянақталған активтерге инвестициялардың көлемінен 30%  аспайтын заттай кепілдер  (жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшеу және реттеу аспаптары мен құрылғылары, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-сайман).
  1. Басымды инвестициялық жобаларға арналған пұрсаттылықтар *:
    • салық жеңілдіктері: корпоративтік табыс салығы – 10 жылға 0%; жер салығы – 10 жылға 0%; мүлік салығы – 8 жылға 0%;
    • құрылыс-монтаждау жұмыстарына және пайдалануға беруден кейін жабдықтар сатып алуға 30% дейінгі инвестициялық жәрдем қаражат;
    • заңнама тұрақтылығының кепілдері: салықтық және шетелдік жұмыс күштерін тарту саласындағы;
    • Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын, «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара қарым-қатынас жасайтын уәкілетті органның инвестицияларды мемлекеттік қолдауы; 
    • Уәкілетті органның мүдделі заңды тұлғалардың тарапынан уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалатын инвестициялық келісімшартқа сәйкес кепілді тапсырысты қамтамасыз етудегі  инвесторларға ықпал етуі. 
*Басымды инвестициялық жобалардың критерийлері:

Басымды қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келуі (Үкімет бекітеді)

инвестиция көлемі 2 млн. АЕК (АЕК – республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есепік көрсеткіш) артық жаңадан құрылған заңды тұлға

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңымен сондай-ақ Инвестициялық омбудсмен институты қарастырылған, ол:

Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды, оларды шешу үшін, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасай отырып,  ұсынымдар шығарады;

инвесторларға туындаған мәселелерді шешуде соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте көмек көрсетеді;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді және енгізеді.

Инвестициялық пұрсаттылық беруге қатысты барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетіне жүгінуге болады.