Сарыарқа АЭА

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ құру туралы» Жарлығы

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) АЭА туралы ереже;
      2) АЭА-ның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) осы Жарлықтан туындайтын тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдауды;
      2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі



Қазақстан Республикасының
Президенті    
Н. НАЗАРБАЕВ

АЭА туралы Заң  
АЭА құру туралы Жарлық


АЭА жаңалықтары

  • 2015-03-12
    Ресейлік аса ірі инвестордың екінші қайтара сапары крандар мен жүккөтергіщ жабдықтар өндіру зауытының құрылыс жобасын іске асыруға деген ниетінің шынайылығын растайды. Сапар барысында «Өнеркәсіп және  индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ және «Металлургия-Металл өңдеу»  Индустриалдық паркі» ЖШС кездесулер ұйымдастырылды. 
  • 2015-03-10
    Әлеуетті инвесторға «Сарыарқа» АЭА орналастыру шарттары мен инвестициялық пұрсаттылықтар ұсынылып, түсіндірілді. Голландия кәсіпкерлері АЭА аумағында металлургия саласындағы жобаларды іске асыруға ниетті.
  • 2015-03-04
    «Қарағанды Инвест» АҚ кеңсесінде BaySystems түрік компаниясымен кездесу өтті. Әлеуетті инвесторға «Сарыарқа» АЭА орналастыру шарттары мен инвестициялық пұрсаттылықтар ұсынылып, түсіндірілді.Түрік инвесторы машина жасау саласында бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлауда. 
  • 2015-03-03
    «Сарыарқа» АЭА International Development Ireland Ltd ирландиялық компания өкілдерімен кездесу өтті.  Кездесу барысында тараптар әріптестікке және өзара ақпараттық қолдауға келісті, арнаулы экономикалық аймақтарға шетел инвестицияларын тарту тәжірибесімен алмасу өтті.