АЭА қатысушыларына қойылатын талаптар

АЭА қатысушыларына қойылатын талаптар

«Сарыарқа» арнаулы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы болып табылатын «Қарағанды Инвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АЭА) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы экономикалық аймақтар туралы» Заңына сәйкес сіздерге АЭА қатысушыларына қойылатын талаптарды жіберіп отыр.

Өтінішкерлерге қойылатын талаптар:

Арнаулы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыруға өтінім беретін өтінішкер техникалық-экономикалық негіздеуге сәйкес мөлшерде қаржылық қамтамасыз етілуге ие болуы керек.

Арнаулы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыруға өтінім беретін өтінішкердің қаржылық қамтамасыз етілуі келесі тәсілдермен қалыптастырылады:

  1. ақшамен;
  2. банктік кепілдемемен;
  3. кепілгерлікпен;
  4. мүлкін кепілдікке салумен;
  5. сақтандыру шартымен.


Арнаулы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыруға өтінім беретін өтінішкер, қаржылық қамтамасыз етілу тәсілінің кез-келгенін таңдап алуға, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілдерін араластыру арқылы таңдауға құқылы.

АЭА қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыруға өтінішкердің тапсыратын құжаттары және оны АЭА қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу

Өтінімге қағаз және (немесе) электронды тасымалдаушыларда келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. уәкілетті органмен бекітілген формадағы өтінішкердің сауалнамасы;
  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
  3. өтінішкердің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  4. сәйкестендіру номері бар құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі – 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап;
  5. заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  6. заңды тұлғаның жоғарғы органының арнаулы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыру туралы шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  7. бірінші басшының немесе оның орнындағы тұлғаның, сонымен қатар бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептіліктің көшірмесі;
  8. уәкілетті органмен бекітілген талаптарға сай келетін жобаның техникалық-экономикалық негіздеуі;
  9. қызмет көрсетуші банктің өтінішкердің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотекасының жоқтығы туралы) үзінді көшірмесі және несиелік тарихындағы толық және жартылай ақпарат туралы мәліметтерден тұратын несиелік бюроның несиелік есебі;
  10. тармақша ҚР 07.11.14 ж. № 248-V Заңының редакциясында баяндалған.


       10. тіркеуге алынған жеріндегі мемлекеттік кірістер органынан салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша борышының бар болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;