Корпоративтік қор

Қарағанды өңірін әлеуметтік дамытуды қаржыландыру мақсатында 2008 жылы ӘКК коммерциялық емес қор  - «Сарыарқа» әлеуметтік дамытудың корпоративтік қорын құрды, ол 2012 жылы «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Әлеуметтік қоры» корпоративтік қоры

(бұдан әрі – Қор) болып өзгертілді.

Қордың мақсаттары мен міндеттері облыстың әлеуметтік жобаларын іске асыру болып табылады.

Әлеуметтік жобаларды іріктеу жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, әлеуметтік маңыздылығы мен басымдығы критерийлері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте өтінім берілген жобаларды қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттен қарастырылмауы тиіс.

Қордың қызмет түрлері:

  • білім беру саласындағы, атап айтқанда: мектепке дейінгі мекемелерді (балабақшаларды), мектептерді, кәсіби техникалық мектептерді/училищелерді салу және/немесе қайта құру, оның ішінде модернизациялау жобаларын қаржыландыру;
  • денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда: шипажай-курорттық мекемелерді, диагностикалық және оңалту орталықтарын салу және/немесе қайта құру, оның ішінде модернизациялау жобаларын қаржыландыру.
  • спорт саласындағы, атап айтқанда спорттық және сауықтыру кешендерін (құрылыстарын) салу және/немесе қайта құру, оның ішінде модернизациялау жобаларын қаржыландыру.

Қор өзінің жарғылық мақсаттарына сай келетін мүмкіндігінше кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.

Қызметтің жекеленген түрлері заңнамалық актілерге сәйкес Қормен тек қана лицензия негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.  

Тұрғындардың әлеуметтік мұқтаждарын анықтау мақсатында Қор жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз жұмыс жасайды.  Қор қағидаларының ережелеріне сәйкес конкурстық жобалар келесі критерийлерді ескере отырып бағаланады: повтор текста

  1. Қаржыландыруға жататын жобалар әлеуметтік маңызды ретінде Қор қызметінің Қаржыландыруға жататын жобалар Қор қызметінің басымды бағыттарымн келісілуі және Жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарының талаптарына сай болуы тиіс (Ереженің 5.5.2 п.).
  2. Жобалар нысандардың өңірдегі аумақтық орналасуына және талап етілетін қаражат көлеміне қарамастан, әлеуметтік қажеттілікті ескере отырып қаржыландырылады (Ереженің 5.6 п.).
  3. Қаржыландыруға жататын әлеуметтік жобаларды қорытынды іріктеу Қордың Қорғаншылық кеңесінің отырысында жүзеге асырылады.

 Қорғаншылық кеңестің төрағасы  – Рыспанов Нариман Нұрланұлы.                                                                  

Қорғаншылық кеңестің мүшелері:

  1. Заңгерлік қызмет Департаментінің бас менеджері – Жақсыбеков Бекболат Нығметжанұлы;
  2. Активтерді басқару Департаментінің директоры  – Баяхметова Саида Сейтғалиқызы;

 Қорғаншылық кеңестің хатшысы – Әшімов Хазрат Жанатұлы.

Тапсырылған ұсыныстарды жинау және талдау нәтижелері бойынша жыл сайын қаржыландыруға жататын әлеуметтік жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітіледі.

Әлеуметтік жобаларды іріктеу жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік маңыздылық және басымдылық критерийлері бойынша жүзеге асырылады.

Іске асырылуы республикалық және жергілікті бюджетте қарастырылмаған жобаларға артықшылық беріледі.

Әлеуметтік жобаларды іріктеу кезінде Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі.

2015 жылы құрылтай шарттары және келісімшарттық міндеттемелер бойынша серіктестерден жоспарлы түсімдер  23 513 000 теңге мөлшерінде күтілуде. Өткен жылдардың берешегі (2009-2014жж.) келісімшарттық міндеттемелер бойынша – 37 000 000 теңгені, серіктестерден құрылтай шарттары бойынша – 28 117 000  теңгені, барлығы – 65 117 000 теңгені құрайды.

Іске асырылған әлеуметтік жобалардың саны және құны, орналасқан жерлері, сондай-ақ Қордың әлеуметтік аударымдары есебінен өткізілген өзге де іс-шаралар:  

  1. 2011 жылғы қазанда Қор қаражатынан әлеуметтік маңызы бар нысан – Қарағанды қ. Теннис орталығының құрылысын аяқтауға 25 000 мың теңге сомасында қаржылық көмек көрсетілді. 
  2. 2011 жылғы қазанда сонымен қатар Қарағанды қ.  жалпы сомасы 25 000 мың теңге болатын Мұз сарайының құрылысын аяқтау үшін қаржылық көмек көрсетілді. 
  3. 2012 жылғы мамырда Қарағанды қ. 50 000 мың теңге сомасына әлеуметтік маңызы бар нысан – Орталық мешет құрылысын аяқтауға қаржылық көмек көрсету жобасы іске асырылды.
  4. Жаңаарқа ауданының Манадыр ст.  11 168 мың теңге сомасына №144 ТОМ жалғастыра салу үйінің құрылысы;
  5. Ұлытау ауданының Жезді кентіндегі ауылдық аурухана үшін 2 410 мың теңге сомасына медициналық жабдық сатып алу;  
  6. 2013 ж. қыркүйек айынан бастап 21.06.2014ж. дейін Бұқар Жырау ауданының Құрылыс ауылында 33 782 тыс.теңге сомасына Ақжар жалпы білім беру мектебін жөндеу жобасы іске асырылды:
    • мектепті жылумен қамту үшін қазандары бар модульді қазандық орнату;
    • мектептің жылыту жүйесінің ағымдағы жөндеуі;
    • мектеп жертөлесіндегі бөлме-жайдың ағымдағы жөндеуі;
    • спорттық құралдар сатып алу, қасбет;
    • спорт залын жөндеу;
    • спортзалда регистрдің қорғаныс қораптарын, еден бетімен өтетін жылыту жүйесінің құбырлары мен вентильдерін орнату (2014ж.)
  7. Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында 6 850 мың теңге сомасына көпатқарымды корт орнатылды;
  8. Шет ауданының Мойынты кентінде 6 850 мың теңге сомасына көпатқарымды корт орнатылды;
  9. Абай ауданының Есенгелді кентінде 7 300 мың теңге сомасына көпатқарымды корт орнатылды.

Елді мекендерді іріктеу кезінде тұрғындардың барынша көп саны, басқа елді мекендермен ықшамды орналасуы, аудан орталығынан қашықтығы және жергілікті билік органдарының жер телімін беруге дайындығы негізгі критерийлер болды. 

Бүгінгі күні Қорға 10 жоба келіп түсті. Олардың ішінде Жаңаарқа ауданы бойынша жалпы сомасы 13 093 397 теңге болатын 1 жоба, Қарқаралы ауданы бойынша  17 880 900 теңге  сомасына 2 жоба және Шет ауданы бойынша 34 568 807 теңге сомасына 7 жоба.

Жаңаарқа ауданының Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жалпы сомасы 13 093 297 теңге Қызылжар кентіндегі балабақшаны модернизациялау бойынша жобаны қаржыландыруға өтінім түсті:

  1. Қайта құру жалпы сомаға – 8 193 397 теңге;
  2. Балабақшаның алдағы уақытта қызмет істеуі үшін қажетті жабдықтар мен құрал-сайман сатып алу – 4 900 000 теңге.

Қарқаралы ауданының әкімімен  17 880 900 теңге сомасында  екі мектепті жөндеу бойынша жобаны қаржыландыруға өтінім берілді:

  1. №23 Татан ОМ 10 575 900 теңге сомасына;
  2. №12 Ақжол ОМ  7 305 000 теңге сомасына.

 Шет ауданы Қошқарбай а. Нұра талды жалпы білім беру мектебінің директоры Г.Ж Абикеевтен жалпы сомасы 34 568 807 теңге болатын жеті жоба бойынша қаржылық көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті:  

  1. Мектептің оң жақ шетін балабақшаға арнап күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – 12 401 057 теңге;
  2. Ғимарат холлы мен мектептің жертөлесіндегі бөлме-жайдың ағымдағы жөндеуі – 1 500 000 теңге;
  3. Жаяужол тақталарын төсеу 2990 м2 – 5 157 750 теңге;
  4. Көшедегі ойын алаңын орнату – 2 500 000 теңге;
  5. Математика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері үшін оқу-әдістемелік құралдар мен техникалық құралдарды сатып алу – 3 500 000 теңге;
  6. Пластмассадан жасалған ойын құралдарын, батут сатып алу – 1 500 000 теңге;
  7. Көпатқарымды хоккей кортын сатып алу және орнату – 8 010 000 теңге.

 2011 ж. - 22.12.2014ж. дейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарттық міндеттемелер бойынша және  серіктестерден құрылтай шарттары бойынша 208 736,8 мың теңге түсті, депозиттерден сыйақы 837 мың теңге, барлығы 209 573,8 мың теңге:

  • 2011 жылы 94 808,5 мың теңге, оның ішінде депозиттен 646,5 мың теңге;
  • 2012 жылы 48 509,5 мың теңге, оның ішінде депозиттен 190,5 мың теңге;
  • 2013 жылы 50 218,8 мың теңге;
  • 2014 жылы 16 337,0 мың теңге.

 «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Басқармасының 27.01.2014ж. №03 Хаттамасына сәйкес штаттық сан – 2 бірлік.

Қордың Қорғаншылық кеңесінің 08.04.2015ж. отырысына сәйкес  Қор директорының лауазымына Салимова Ж.Ж. тағайындалды.