Мемлекеттік бағдарламалар

Моноқалаларды дамытудың бағдарламалары
«Екінші бағыт – Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту» моноқалаларды дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша анықтама

 

Тұрақтандыру қоры
«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыспастыру» бағдарламасы

 

Жұмыспен қамту 2020
Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты міндет – тұрғындарды жұмыспен қамтудың принципті тұрғыдағы жаңа Стратегиясын әзірлеу міндетін қойды. Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Үкімет отырысында Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының жобасы мақұлданды.  2011 жылғы 1 мамырға дейін бағдарлама міндеттерінен туындайтын бағдарламаны және барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жоспарлануда. Бағдарламаны іске асыру 2011 жылғы 1 шілдеде басталады.  


ҚР ТҮКШ
Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялаудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 15.02.2011 ж. «Мемлекет басшысының 28.01.2011 ж. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын іске асыру шаралары туралы» № 1158 және 01.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген.