Халықаралық әріптестік

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ету мақсатында халықаралық әріптестікті дамытуға белсене ат салысады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының өңірлерімен әріптестік:

  • Қарағанды облысы әкімдігі мен Ресей Федерациясының Томск және Свердлов облыстарының Үкіметі және Беларусь Республикасының Минск және Брест облыстарының арасындағы Келісімді іске асыру шаралар жоспарын орындау аясында «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ тұрақты негізде бірлескен әріптестікті іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіп отырады. Мысалы, жоғарыда аталған облыстарға Қарағанды облысының инвестициялық жобалары қарауға жіберілді.

Халықаралық қаржы институттарымен әріптестік:

  • «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ танымал халықаралық қаржы институттарымен және компанияларымен: Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен әріптестікті жүзеге асырады («Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ , Қарағанды облысының Әкімдігі және МФК  арасында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және ақпарат алмасу бойынша өзара әріптестік туралы үшжақты меморандум жасалған). 
Сонымен қатар халықаралық әріптестік аясында келесі компаниялармен жұмыстар жүргізілуде:
  •  «Технониколь Корпорациясы» ЖШҚ (Ресей Федерациясы). Базальт изоляциясы және экструзиялық пенополистирол өндіру зауыты құрылысының жобасы. «ТЕХНО-ҚАЗАҚСТАН» зауыты» ЖШС арнаулы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген. «Сарыарқа»  АЭА аумағында жер телімі алынды;
  • "Seven Refractories Asia" ЖШС (Австрия) – «Сарыарқа» арнаулы экономикалық аймақ аумағында отқа төзімді бұйымдар шығару зауытының құрылысын жүргізу туралы келіссөздер жүргізілуде;

Тұрақты негізде Голландия, Сауд Арабиясы, Германия және т.б. елдермен «Сарыарқа»  АЭА аумағында жобаларды іске асыру мәселелері бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп отырады.