Қарағанды облысының Бай кен орнындағы мысты барлау


Іске әзірленуде
Жобаның мақсаты: Барлау, есептеу жүргізу және кен орнының қорларын мемлекеттік балансқа тіркеу және өнеркәсіптік кен алуды ұйымдастыру.

Қорлары: геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша анықталатын болады

Бастамашы: Avangard Investment - 50 %, «Балқашмыс» ЖШС - 40,1%

Бірлескен кәсіпорын:  «VOEX COMMERCE» ЖШС.

ӘКК үлесі: 9,9%

Іске асырылатын орны: Қарқаралы ауданы.

Іске асыру кезеңі:
3 жыл ішінде барлау жүргізу жоспарлануда.

Жобалық қуаты:
  кейіннен кен алу жұмыстарының жобасымен бекітіледі

Жұмыс орындарын ашу: 60

Инвестициялар: 567,1 млн.теңге

Ағымдағы жағдайы:
18.01.2012ж. келісімшарт жасау арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ҚР ИЖТМ тікелей келіссөздер жүргізілді. Жер қойнауын пайдалану келісімшарты 13.09.2013ж. жасалды.  Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалану құқығын бірлескен кәсіпорынға табыстау жұмыстары жүргізілуде.