Қарасу кен орнындағы құрамында алтыны бар кенді барлау


Іске асырылды
Жобаның мақсаты: Барлау, есептеу жүргізу және кен орнының қорларын мемлекеттік балансқа тіркеу және өнеркәсіптік кен алуды ұйымдастыру.

Қорлары: Қарасу телімі бойынша жалпы қорлары 01.01.1982 ж. жағдайға 35 мың т. кенді, 1134 кг алтынды құрайды. Солтүстік Қарасу кен орнын жете барлау және қорларын МҚК есепке алу мақсатында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу қажет.

Жобаның бастамашысы:  «Азия-профити» ЖШС

Бірлескен кәсіпорын:  «Сарыарқа Алтын» ЖШС

ӘКК үлесі: 20%

Іске асырылатын орны: Нұра ауданы

Іске асыру кезеңі:
5 жыл

Жобалық қуаты: геологиялық-барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталатын болады

Жұмыс орындарын ашу: геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша қосымша анықталатын болады

Инвестициялар: 682,4 млн.теңге

Өткізу нарығы: Қазақстан

Ағымдағы жағдайы:  Іздеу жұмыстарының жобасы құзырлы органдарда бекіту рәсімінен өтуде, жоба бекітілгеннен кейін жер қойнауын пайдалану шартына қол қойылады.