Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация Ұлттық компаниясы АҚ Сарыарка

«3 га жерге жылыжай кешенінің құрылысы» жобасы


Іске асырылды
Жобаның мақсаты және идеясы: Қарағандыда көкөніс дақылдарын жыл бойы өсіру бойынша заманауи жылыжай кешенін ашу

Жобаның бастамашысы:  «GREEN TECHNOLOGY» ЖШС

Іске асыру кезеңі:  2009 - 2011 жж.

Іске асырылатын орны:
Қарағанды қ.

Жобаның қуаты: жылына 1700 тонна.

Жобаның жалпы құны: 1 042 млн. теңге

Қаржыландыру сызбасы:

  • меншік қаражаты – 195 млн. теңге
  •  «КазАгроФинанс»  АҚ несиелік қаражаты – 870  млн. теңге
  • Бизнестің жол картасы 2020 - 78 млн. теңге
Жұмыс орындарын ашу:
  • Құрылыс кезеңіне- 100
  • Іске асыру кезеңіне - 70
Ағымдағы жағдайы:
  • Жылыжай бойынша құрастыру жұмыстары 100% орындалған.
  • Жабдықты іске қосу және жөндеу жұмыстары 100% орындалған.
  • Екпе көшеттер бөліміне залалсыздандыру жүргізілді.
  • Көшеттік үстелдерде көшеттік жылыжайда минералды мақтадан жасалған көшеттік текшелер орналастырылған.
  • Көшеттік текшелер қоректі минералды қоспамен дымқылдандырылады.  
  • Көшеттік текшелерге қияр ұрығын егу жүргізілді.