«Топар жылыжайлары» ЖШС


Іске асырылды
Жобаның жалпы құны: 385 млн. тг.

ӘКК инвестициялары: 128 млн.теңге

Іске асыру кезеңі: 2011-2015 ж.

Өнім өндірудің жылдық көлемі: 6 500 тонна өнім

Бүгінгі күні модернизациялаудың бірінші сатысын іске асыру аяқталды. Оның нәтижесінде жылыжай кешені қайта құрылды, топырақ бетінен тамшылатып суару жүйесін монтаждау жұмыстары аяқталды.  

Екінші саты аясында жылыжайларға жылу беру және тарату жүйесін модернизациялау бойынша жөндеу жұмыстары басталды, бұл микроклиматты тиімді түрде бақылауға мүмкіндік береді; жарық диодты шамдарды пайдалана отырып өсімдіктерді қосымша жарық беру жүйесі орнатылды, бұл қысқы маусымда үздіксіз өнім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жылыжайдан топырақты алып тастау және шымтезек субстраты бар астаулар орнату жұмыстары жүргізілді.

2012 жылы 6 га жерде шымтезек субстратын қолдана отырып көкөніс өсірудің аз көлемді технологиясына көшу жоспарлануда. Бұл қиярдың орташа жылдық түсімін 35-40 кг/м2 дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта магистральды жылу желілеріне, магистральды су таратқыштарға және резервті ЭБЖ жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Инфрақұрылымның құрылысын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының есебінен орындау жоспарлануда.

Серіктестік 2012 жылы 19 наурызда қаржылық көмекті мерзімінен бұрын өтеді. 16.03.2012 жылы 79 284 000 теңге өтелсе, 19.03.2012 жылы  - 48 716 000 теңге өтелді.