Мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды кезең кезеңмен енгізу іске асырылуда. Жан басына шаққандагы қаржыландырудың мақсаты - республиканың барлық толық жиынтықты мектептері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруға арналған шығыстарды теңестіру.
Мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу білім беру саласындағы маңызды міндеттердің 6ipi болып табылады.
«Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 489 бұйрығымен білім беру саласындағы уәкілетті органның Операторы болып айқындалып, жүйелі түрде халық арасында жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселесі бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. 
Ынтымақтастықты жалғастыру үшін байланыс деректері
Эл. пошта - talalaeva@fincenter.kz, albieva@fincenter.kz, asanova@fincenter.kz.
Телефондар: 8/7172/ 695-035, 695-876.