МЖӘ шеңберінде Бұхар Жырау ауданы Көкпекті ауылында Нұр Сәби жекеменшік балабақшасының «Балабақша жөндеу және пайдалану жұмыстары» туралы қызығушылық білдіру сұранысы.

2015 жылғы 31 қазанда ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының 44 бабына сәйкес Балабақшаны пайдалану мен қайта құру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуетті жеке серіктесі бастамашылық етуі бойынша хабарлайды.    Жобаның іске асырылу мерзімі:                         
Пайдалану мерзімі: 2017-2027 жж.                            
МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі 10 жыл.                        
Қызмет түрі: Білім беру және қосымша қызметтер ұсыну.
Бюджеттен болжанған төлем мен мемлекеттік қолдау шаралары: мемлекеттік тапсырысты орналастыру.    Аймақта тауарға, жұмысқа және қызметке нақты қажеттілік:  балабақшаға кезекте 2500-нан астам бала тұр. Жобаның техникалық қиын немесе бірегейлікке қатыстылығы: қатысты емес.    Жеке серіктес мемлекеттік-жекешелік әріптестікке келесі формада қатысады: 2015 жылғы 31 қазандағы  ҚР №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»  заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес тікелей келіссөз.    Жобаны инвестор қаржысы есебінен іске асыру жоспарлануда. МЖӘ жобасы бойынша жоспарланған жобаны іске асыруға қызыққан әлеуетті жеке серіктестер жобаны ұқсас ақпараттық жүйені енгізе отырып жүзеге асыру бойынша баламалы ұсыныстар ұсына алады.    Әлеуетті жеке серіктес ұсынған ұқсас ақпараттық жүйе техникалық сипаттамасы өзгертулерге тең немесе жоғары болуы керек.            
Әлеуетті инвесторға талаптар:
-құқықтық қабілет (заңды тұлғалар үшін) пен азаматтық (жеке кәсіпкерлер үшін) әрекетке қабілетті болуы керек;
-ақша төлеуге қабілетті, салық берешегі болмауы керек;
-мемлекеттік жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттерін орындау үшін қаржылық, материалдық, еңбек ресурсы болуы керек;
-банкротқа ұшырау және жойылу тәртіпке сай емес, оның мүлкіне тыйым салынбауы керек, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сай тоқтатылмаған болуы керек;
-Әлеуетті жеке серіктес ұсынатын құжаттар 2015 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а.  бекіткен №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік  жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының №3 қосымшасына біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек. Қарағанды облысы білім басқармасы аталған хабарлама жарық көрген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстар қабылдайды;                
-Баламалылық шеңберінде  ұсынылған ұқсас ақпараттық жүйе зияткерлік шығармашылық қызмет қорытындысына ерекше құқығын дәлелдейтін құжаттар немесе оның модулі;
-жобаға жергілікті қамту үлесін куәландыратын құжаттар;
-ҚР мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңбері заңнамасы талаптарына сәйкес құрастырылған тұжырымдама,
-ҚР мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңбері заңнамасы талаптарына сәйкес құрастырылған шарт жобасы.
    Анықтама үшін: «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ, мекен-жай Алиханова көшесі 19, тел: 8(7212) 25 26 02