«Сарыарқа» АЭА басқарушы компаниясының атқарған жұмысы

Бүгінгі күні «Қарағанды Инвест» АҚ «Сарыарқа» АЭА басқарушы компаниясы (бұдан әрі – АЭА) төмендегі жұмыстар атқарылды:

2015 жылдың 1 тоқсанында «HyunwooCentralAsia» ЖШС (О. Корея) жылу оқшаулау құбырлары мен үлгі бұйымдарды өндіру зауытын іске қосу жоспарлануда.

«ТЕХНО-Қазақстан» Зауыты» ЖШС жобасы бойынша (тас мақта мен  экструзиялы пенополистирол өндіру бойынша 2 зауыт құрылысы) барлық қажетті рәсімдер (сараптамалық және үйлестіру кеңестері) өткізілді, құжаттардың толық пакеті жиналды, Келісімшартқа қол қою бойынша келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде, зауыттар құрылысын бастау 2015 жылғы мамыр айына жоспарланған.
Мұнымен қатар, АЭА жаңа қатысушыларды тарту жұмыстары жүргізілуде, қазіргі кезде 9 компаниямен кездесу өткізілді :

  • "Базалық элемент" өнеркәсіптік тобы (Ресей, машина жасау);
  • «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС (Қазақстан, фармацевтика);
  • "ЦеСИС (CeSIS)" ЖШС (Ресей, физикалық қорғаныстың инженерлік-техникалық құралдар кешенін өндіру); 
  • "Қазақвзрывпром" АҚ (Қазақстан, оқ-дәрі зауыты);
  • "Коппер-Инновейшен Қазақстан" ЖШС (Ресей, «Алтай Полиметалдары» ЖШС, сусымалы калий (натрий) бутил ксантогенатын өндіру зауыты);
  • "SevenRefractoriesAsia" ЖШС (Австрия – Қазақстан, отқа төзімді бұйымдар өндірісі);
  • "KazOtanGroup" ЖШС (Қытай, жеделсатылар өндірісі);
  • BAUER GmbH (Германия, машина жасау);
  • Bioquintes (Ресей, фармацевтика);
  • "УралКран" компаниялар тобы (Ресей, крандар өндірісі);
  • "Темір мен мыс" ЖШС (Ресей, металлургия).

Бүгінгі күні АЭА қатысу үшін жоғарыда аталған компаниялар «Қарағанды Инвест» АҚ бірлесе отырып, құжаттарды даярлауды жүргізуде. 
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы шетелдік азаматтардың жұмыс істеуіне рұқсат алуға ықпал көрсетті, атап айтқанда Германияның азаматы Кёфер А.К. үшін («Бёмер Арматура» ЖШС).