Құқықтық сүйемелдеу және сатып алу департаменті

Заңгерлік қызмет департаментінің мақсаттары, міндеттері, атқаратын қызметі туралы ақпарат

Департаменттің құрылу мақсаты және қызметі Қоғамның қызметін қолданыстағы заңнама нормаларын сақтай отырып, құқықтық құралдармен қамтамасыз ету, Қоғам қызметінің негізгі жарғылық мақсатына қол жеткізу – Қарағанды облысының экономикалық дамуына ықпал ету болып табылады.
Денпартаменттің негізгі міндеттері:

  1. Қоғам мүдделерін қорғаудың құқықтық құралдарымен қамтамасыз ету.
  2. Қоғамның заңға бағынуын және қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолдануын қамтамасыз ету.

Департаменттің атқаратын қызметі:

  1. Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша немесе Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өтініші негізінде құрылтай құжаттарын әзірлеуді, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуде жүзеге асырады, Қоғам органдарының құқықтық негіздерін анықтайды.
  2. Қоғамның қызметін жүзеге асыруға қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен Қоғамды қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.
  3. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдері бойынша Қоғамның бөлімшелерін, жекеленген мамандарын өздерінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді.
  4. Қоғам басшылығының қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулардың, ережелерінің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарының заңнамаға сәйкестігін тексеруді, құжат жобаларына бұрыштама қоюды; Қоғам қызметкерлеріне өзгерістер енгізу туралы немесе заңнаманың өзгеруі себепті  актілер күшінің жойылғаны туралы ұсынымдар беруді жүзеге асырады.
  5. Келісімшарттық жұмыстар жүргізуде: келісімшарттық қатынастар формаларын анықтайды; құрылымдық бөлімшелердің өтінімі немесе Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша келісімшарт жобаларын әзірлейді; Қоғамға контрагенттердің ұсынатын келісімшарт жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді; келісімшарт жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қолданады.
  6. Келісімшарт жұмыстарына талдау жасайды, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде келісімшарттық жұмыстардың жағдайын тексереді.
  7. Кінәрат-талаптық жұмыс жүргізеді: контрагенттерден келіп түсетін кінәрат-талаптарды, олардың қаралуын қамтамасыз етеді; келіп түскен кінәрат-талаптарға жауап дайындайды және келіп түскен кінәрат-талаптарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің жобаларын қабылдайды; Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелері ұсынған өтінімдердің негізінде контрагенттерге кінәрат-талап дайындауды жүзеге асырады.
  8. Қуыным жұмыстарын жүргізеді: келісімшарттық дауларды сотқа дейінгі реттелуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады; құжаттар жинауды жүзеге асырады, қуыным арыздарын аппеляциялық, қадағалау арыздарын, қолдаухаттар, қарсылықтар әзірлейді және оларды сотқа тапсырады; Қоғамға қуынымдар бойынша қуыным арыздарының көшірмелерімен оқып-танысады, сотта Қоғамның мүдделерін білдіреді.
  9. Қоғам басшылығының тапсырмасы немесе құрылымдық бөлімшелерінің өтінімі бойынша Қоғам қызметін жүзеге асыруға қажетті лицензияларды, рұқсаттарды алу үшін өтінімдер, өтініштер және басқа да құжаттар дайындайды. 
  10. Басшылықтың тапсырмасы бойынша Қоғам меншігінің бүтіндігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды әзірлеуге қатысады (материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт, материалдық құндылықтардың кәсіпорынға  келіп түсу және қабылдау, олардың қозғалуын есепке алу  тәртібін белгілейтін нұсқаулықтар).
  11. Қызметкерлерді жұмыстан босату және ауыстырудың, оларға тәртіптік жаза қолданудың заңдылығын тексеруді жүзеге асырады.
  12. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен өткізілетін тексеру кезінде Қоғамның мүддесін білдіреді.
  13. Басшылықтың тапсырмасы бойынша немесе Қоғамның құрылымдық бөлімшесінің жазбаша өтінімі бойынша Қоғам қызметкерлерін әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша немесе ауызша кеңес береді, заңгерлік құжаттарды дайындауда құқықтық көмек көрсетеді.
  14. Елу және одан көп акциялар пайызы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түре «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ тиесілі «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидалары» прициптерімен және соған сәйкес меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Қоғамның қызмет атқаруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қоғамның қызмет атқаруын не болмаса жарғылық қызметін орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу үрдісін ұйымдастырады және жүзеге асырады.