Жұмыспен қамту 2020

Жұмыспен қамту 2020 «Екінші бағыт – ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» бағдарламасы бойынша анықтама
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 31.03.11ж.  № 316  Қаулысымен бекітілген (http://www.enbek.gov.kz/node/248413). Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы екінші бағытының аясында кәсіпкерлікті ынталандыру азаматтарды жеке істерін ұйымдастыру арқылы экономикалық белсенділіктерін арттыруға бағытталған.  Бұл ретте ауылды жерлерде жеке істерін ұйымдастыруды жоспарлаған несие алушыларға алдағы уақытта микрокредиттеу үшін микроқаржылық ұйымдарға, бірақ бір несие алушыға 3 млн. теңгеден аспайтын несиелік ақшалай қаражат  беруді жүзеге асырады.

Жалпы алғанда, ӘКК Бағдарламаның 2-ші бағытына қатысуы келесі міндеттерді орындауға көзделген:

  • микроқаржылық ұйымдарды іріктеу бойынша конкурс ұйымдастыру және өткізу; 
  • өңірлік комиссиямен келісілген және Серіктестіктің атқарушы органымен бекітілген пайыздық мөлшерлеме бойынша МҚҰ кредиттік ресурстар беру;
  • микроқаржылық ұйымдардың несиелік келісім талаптарын орындауына мониторинг жүргізу (несиеге алынған қаражатты мақсатында пайдалану және уақытында қайтару).

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына өңірлік ұйым ретінде 2 жыл қатысты.

2011 жылы конкурста жеңіп шыққан МҚҰ  510,0 млн.теңге берілді. Несиелеу үшін үш микроқаржылық ұйым анықталды  - «Евро-бизнес» МҚҰ, «АлБата» МҚҰ, «Синтек» МҚҰ. 

Түпкілікті несие алушыларға жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8,15% болатын негізгі борышын өтеу бойынша бір жарым жыл жеңілдік кезеңі ұсыныла отырып, 273 шағын несие берілді. 

368 жұмыс орындары ашылды, несиенің орташа мөлшері 1,9 млн.теңгені құрады. 
2012 жылы Бағдарлама бойынша облысқа 763,5 млн.теңге бөлінді, облыстың барлық ауылдық өңірлері қамтылды.  

Несиелеу үшін екі микроқаржылық ұйым анықталды  - «Евро-бизнес» МҚҰ, «Синтек» МҚҰ. 
Түпкілікті несие алушыларға жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7,75% болатын негізгі борышын өтеу бойынша бір жарым жыл жеңілдік кезеңі ұсыныла отырып, 419 шағын несие берілді. 

Несиелеудің негізгі дәстүрлі бағыттары өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы (мал мен құс, картоп және көкөніс өсіру, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру) болып табылады. Дәстүрлілермен қатар: шағын жылыжайлардың, мал жемдеу алаңдарының құрылысы,  бал-омарталарын өсіру бағыттары таңдап алынған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті несиелеуге басты көңіл бөлінген, бұл наубайхана, монша, шаштараз, компьютерлер мен тұрмыстық техника жөндеу пункттерін және ауыл тұрғындарына қызмет көрсету бойынша басқа да пункттерді салу болып табылады.