Тұрақтандыру қоры

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыспастыру» бағдарламасы

«Сарыарқа» ӘКК» АҚ (төменде - ӘКК) ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 09 қазандағы №1280  «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» (төменде – Қағидалар) Қаулысының  7-8 пункттеріне сәйкес Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасымен «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының   аясында   149  ерекшелігі бойынша   (басқа қызметтер мен жұмыстар) 1 052 546 000 теңге сомасына азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қызметтерін сатып алу туралы  2012 жылғы 12 қарашада №94 шарт жасасты.   

Қызметтерді сатып алу туралы. Бұл сома «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының аясында  149 ерекшелігі бойынша ӘКК мен Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының арасында жасалған азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша 2012 жылғы 12 қарашадағы №94 шарттың негізінде түсті.

Тұрақтандыру қорының мақсаты:

  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры (бұдан әрі – тұрақтандыру қоры) – облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған астықты қоспағандағы азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
  • азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссияның 2014 жылғы 21 сәуірдегі №25 хаттамасымен қабылданған шешімінің негізінде Қарағанды облысы әкімінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі №49р бұйрығымен Қарағанды облысының өңірлік Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін азық түліктердің келесі көлемін сатып алу ұсынылды:

  • Картоп – 35 теңгеге дейінгі бағамен 1000 тонна;
  • Пияз – 40 теңгеге дейінгі бағамен 200 тонна;
  • Сәбіз – 30 теңгеге дейінгі бағамен 50 тонна;
  • Қызылша – 30 теңгеге дейінгі бағамен 30 тонна;
  • Қырыққабат – 30 теңгеге дейінгі бағамен 50 тонна.

2014 жылғы 12 қыркүйекте  Комиссияның 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №28 хаттамасымен қабылданған шешімінің негізінде Қарағанды облысы әкімінің №109р бұйрығымен Қарағанды облысының өңірлік Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін азық түліктердің келесі көлемін қосымша сатып алу ұсынылды:

  • Картоп - 50 теңгеге дейінгі бағамен 500 тонна;
  • Пияз - 45 теңгеге дейінгі бағамен 256 тонна;
  • Сәбіз - 40 теңгеге дейінгі бағамен 128 тонна;
  • Қызылша – 40 теңгеге дейінгі бағамен 89 тонна;
  • Қырыққабат – 40 теңгеге дейінгі бағамен 150 тонна;
  • Қант – 480 теңгеге дейінгі бағамен 480 тонна;
  • Өсімдік майы – 208 теңгеге дейінгі бағамен 200 тонна;
  • Күріш – 180 теңгеге дейінгі бағамен 350 тонна;
  • Қарақұмық жармасы –  91 теңгеге дейінгі бағамен 167 тонна.


Нарыққа реттеуші ықпалын тигізу мақсатында Тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы 2014 жылғы 11 желтоқсанда өңірлік Тұрақтандыру қорын пайдалану үшін азық түліктердің келесі көлеміне тауарлық  интервенция жүргізуді ұсынды:  

  • Картоп – 1 кг.  60 теңгеден 100 тонна;
  • Қырыққабат – 1 кг.  55 теңгеден 20 тонна;
  • Қызылша – 1 кг.  65 теңгеден 10 тонна;
  • Сәбіз – 1 кг.  55 теңгеден 20 тонна;
  • Пияз – 1 кг.  60 теңгеден 20 тонна;
  • Қарақұмық жармасы – 1 кг.  120 теңгеден 20 тонна.

Облыс әкімдігі 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №155р бұйрығымен тауарлық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдады.
Облыс әкімдігі шешімінің негізінде 2014 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша:

  • Картоп - 5418 кг;
  • Сәбіз - 653 кг;
  • Қызылша - 284 кг;
  • Қырыққабат - 963 кг;
  • Қарақұмық жармасы - 700 кг мөлшерінде сатылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы  Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару Комиссиясы отырысының 2015 жылғы 28 қаңтардағы №30 хаттамасына сәйкес  және Қарағанды облысы әкімінің 28.01.2015 ж. № 08р Бұйрығы бойынша ӘКК  тұрақтандыру қор өнімдерін алдағы уақытта келесі көлемде сату үшін «Арқа» БИК» тапсыра отырып, екінші тауарлық интервенция жүргізді:

  • Картоп  1 кг.  55 теңгеден 500 тонна;
  • Сәбіз асханалық 1 кг.  50 теңгеден 68 тонна;
  • Қызылша асханалық 1 кг.  55 теңгеден 34 тонна;
  • Қырыққабат ақбасты 1 кг.  55 теңгеден 30 тонна;
  • Қарақұмық жармасы 1 кг.  120 теңгеден 55 тонна;
  • Пияз түйінді 1 кг.  65 теңгеден 130 тонна;
  • Құмшекер 1 кг.  158 теңгеден 415 тонна;
  • Өңделген күріш 1 кг.  185 теңгеден 224 тонна;
  • Өсімдік майы литрі 201 теңгеден немесе 1 кг.  210 теңгеден 147 тонна.

2015 жылғы 18 наурызда  Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару Комиссиясының 2015 жылғы 18 наурыздағы  №31 шешіміне сәйкес және Қарағанды облысы әкімінің  19.03.2015 ж.  № 35р Бұйрығы бойынша ӘКК  тұрақтандыру қор өнімдерін алдағы уақытта келесі көлемде сату үшін «Арқа» БИК» тапсыра отырып, үшінші тауарлық интервенция жүргізді:

  • Картоп  1 кг.  45 теңгеден 170 тонна;
  • Қызылша асханалық 1 кг.  55 теңгеден 71 тонна.

Жоғарыда аталған шешімдердің негізінде 2015 жылғы 06 сәуірдегі жағдайы бойынша барлық сатылған өнім:

  • Картоп 603,1 тонна;
  • Сәбіз асханалық 83,7 тонна;
  • Қызылша асханалық 84,4 тонна;
  • Қырыққабат ақбасты 46,6 тонна;
  • Пияз түйінді 145,6 тонна;
  • Қарақұмық жармасы 57,1 тонна;
  • Өсімдік майы 23,1 тонна;
  • Қант 0,150 тонна;
  • Өңделген күріш 0,600 тонна.

 «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Тұрақтандыру қорының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 25.12.2014ж. ағымдағы жағдайы: тұрақтандыру қорын басқару Комиссиясының шешімін (21.04.2014 ж.  №25 хаттама) орындау мақсатында,  фьючерс шарттарының негізінде «Ақ Тұмар» ШҚ  1 330 тонна көлемінде, оның ішінде 1000 тонна картоп және 330 тонна жеміс-көкөніс өнімдері сатып алынады.  
Комиссияның №28 хаттамасын орындау мақсатында 29.09.2014 ж. «Поливное» ФШ 128 тонна көлемінде сәбіз және 89 тонна көлемінде қызылша жеткізуге шарт жасалды.  

Бакалея өнімдері
Биржа арқылы келесі шарттар жасалды:

  • «Орта-Азиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен 476 тонна көлемінде қант жеткізуге. Қант салу көлемі  476 тоннаны құрайды.
  • «Най-Мир» ЖШС-мен 350 тонна көлемінде өңделген күріш жеткізуге.  Ағымдағы күнге салу көлемі 350 тоннаны құрайды.
  • «Шығыс жарналары» ЖШС-мен  167 тонна көлемінде қарақұмық жарнасын жеткізуге. Қарақұмық жарнасын салу көлемі 167 тоннаны құрайды.
  • «Востоксельхозпродукт» ЖШС-мен 200 тонна көлемінде МемСТ 1129 өсімдік майын - тазартылған  күнбағыс майын жеткізуге. Салу көлемі 200 мың литрді құрайды.

 
           Азық-түлік тауарларын сату үшін Қарағанды қ. бойынша тиянақталған үстемесімен 23 әлеуметтік дүкендермен, үлкен дүкендермен шарт жасалды.