Компания жайлы
Сарыарқа ӘКК АҚ-ның басты мақсаты өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу болып табылады:
Біз жобаларды қаржыландыруды инвестормен бірлесіп құрылатын кәсіпорындардың жарғылық капиталына кіру жолымен жүзеге асырамыз, ал алынатын дивидендтерді жаңа жобаларды қайта инвестициялауға және қаржыландыруға, сондай-ақ Қарағанды өңірі үшін әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағыттаймыз. Сарыарқа ӘКК АҚ миссиясы: мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу Корпорация қызметінің негізгі қағидаттары — тиімділік, бәсекеге қабілеттілік, инвестициялық тартымдылық, акционерлер мен серіктестердің мүдделерін теңгерімді сақтау. "Сарыарқа "ӘКК" АҚ үшін кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың басым бағыттары: жер қойнауын пайдалану саласы, шикізаттық емес сектор, оның ішінде Металлургия-Металл өңдеу индустриялық паркін салу, шикізат, агроөнеркәсіптік сектор, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорын қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, қызметтің маңызды бағыттары инновациялық, өндірістік және өңдеу кәсіпорындарына инвестициялау, венчурлық стартаптарды қаржыландыру болып табылады. Сарыарқа ӘКК АҚ Жалғыз акционері "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы"ММ болып табылады. Үлес 100% құрайды. Акционердің құқықтары "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңында (14-бап) және Сарыарқа ӘКК АҚ Жарғысында бекітілген. Сарыарқа ӘКК АҚ жарияланған, бірақ орналастырылмаған жай акцияларының саны 29 539 410 634 құрайды Қоғамның жалғыз акционері құқылы: 1) "Акционерлік қоғамдар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында (бұдан әрі – заңдар) және осы Жарғыда көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысуға; 2) дивидендтер алу; 3) Қоғамның қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде жалғыз акционер немесе осы Жарғыда айқындалған тәртіппен Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға; 4) қоғамның тіркеушісінен немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға құқылы; 5) қоғам органдары қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен дау айтуға; 5-1) заңда көзделген жағдайларда қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірген залалдарын қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының ірі компаниялардың мүдделілік бар мәмілелерді және (немесе) мәмілелердің қорытындысы (қорытындыға ұсыныс) туралы шешімдер қабылдау нәтижесінде алған пайдасын (табысын) қоғамға қайтаруы туралы талаппен сот органдарына өз атынан жүгінуге жасауға; 6) қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім қабылдауға; 7) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұрау салулармен жүгінуге және сұрау салу қоғамға келіп түскен күннен бастап жазбаша сұрау салуда көрсетілген мерзімдерде дәлелді жауаптар алуға; 8) қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне; 9) заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғамның акцияларын немесе оның акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарын заңда белгіленген тәртіппен басымдықпен сатып алу; 10) Директорлар кеңесіне заңға сәйкес Жалғыз акционердің қарауына шығарылатын қосымша мәселелерді енгізуді ұсынуға; 11) аудиторлық ұйымның өз есебінен қоғамға аудит жүргізуін талап етуге; 12) Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге; 13)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар. |
Кез-келген тапсырманың шешімін табамыз.
Тек ол туралы бізге айтыңыз!