Лауазымы: Басқарма Төрағасының Орынбасары
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
- «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасарының өкілеттіктері
- Міндеттерді бөлуге сәйкес Басқарма Төрағасының орынбасары Активтерді басқару департаментінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – ӘҚБ) жетекшілік етеді.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, үкіметтік емес мекемелерде және ұйымдарда Қоғам қызметінің барлық мәселелері бойынша, сондай-ақ ҚҰҚ мәселелері бойынша Қоғам атынан өкілдік етеді;
- ТБЖ мәселелері бойынша Қоғамды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуына мониторингті және талдауды жүзеге асырады;
- Қоғам активтерін, оның ішінде проблемалық сипаттағы активтерді тиімді басқаруды ұйымдастырады, олардың оңтайлы құрылымын анықтайды, оларды бәсекелестік ортаға беру бойынша жұмысты ұйымдастырады, Қоғамның табыстылығын арттыруды қамтамасыз етеді;
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарын қайта құрылымдау мәселелері бойынша Қоғам қызметінің жоспарларын әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастырады;
- Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістегі ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру бөлігінде бизнес-жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;
- тиімді басқаруға, сондай-ақ Қоғамның және Қоғамның жетекшілік ететін еншілес және тәуелді ұйымдарының Жарғысында, Даму жоспарында көзделген мәселелер бойынша негізгі мақсаттар мен міндеттердің орындалуына жауап береді.