12 шілдеде "Kazakh Invest "ҰК" АҚ Қарағанды облысының өңірлік директоры М.С. Исекеевтің , "Kazakh Invest "ҰК" АҚ жобаларының басшысы Б. Айтқұловтың, "Сарыарқа "ӘКК" АҚ өкілдерінің және Monnet Group өкілдерінің кездесуі өтті. Monnet Group компаниясы әртүрлі болат маркаларын өндіруде қолданылатын кремний-марганец, ферромарганец және феррохром сияқты әртүрлі ферроқорытпаларды шығарады.
Кездесуде ферроқорытпа шығаратын зауыт салу мәселесі талқыланды.
Monnet Group өкілдеріне индустриялық аймақ таныстырылды, көрнекі карта, бос жер учаскелері және РТИ аумағында орналасқан учаскелер көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша шамамен жер учаскесі таңдалды, электр энергиясы мәселесі ашық күйінде қалып отыр.