2021 жылғы 15 қарашада "Kazakh Invest "ҰК" АҚ Қарағанды облысының өңірлік директоры М. С. Исекеев, "Сарыарқа "ӘКК" АҚ өкілдері "ҚазПласт" ЖШС басшысы А. С. Ивановпен кездесті.
"ҚазПласт" ЖШС – 2011 жылы құрылған, заманауи еуропалық технологиялық жабдықта ротациялық қалыптау әдісімен полиэтилен бұйымдарын шығарады.
Кездесу барысында Қарағанды облысында гофрленген құбырлар өндірісін кеңейту мүмкіндігі мәселелері талқыланды.