"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы (ӘКК) 2023 жылғы 07 сәуірдегі №18 хаттамаға сәйкес ӘКК әлеуметтік павильондары арқылы және Қарағанды қаласының супермаркеттері арқылы қарақұмық жармасының бағасын төмендету бойынша тауарлық интервенция (сату) жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Қарақұмық жармасына ӘКК сату бағасы - килограмына 220 теңге;
Қарақұмық жармасына түпкілікті тұтынушы үшін сату бағасы - килограмына 242 теңгеден аспайды.