"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы " акционерлік қоғамы (ӘКК) 2023 жылғы 14 сәуірдегі №19 хаттамаға сәйкес ӘКК әлеуметтік павильондары арқылы және Қарағанды қаласының супермаркеттері арқылы ұнтақталған күрішке нарықтық бағадан төмен бағамен тауарлық интервенция (сату) жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Ұнтақталған күрішке ӘКК сату бағасы – килограмына 308 теңге;
Соңғы тұтынушы үшін ұнтақталған күрішке сату бағасы – килограмына 324 теңгеден аспайды.