2021 жылғы 25 қазанда "Сарыарқа "ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары М.Е. Өміртаев, "Kazakh Invest" АҚ Қарағанды облысының өңірлік директоры М. С. Исекеев, "Сарыарқа "ӘКК" АҚ өкілдері және "Топар жылыжайлары" ЖШС басшысы Абдумавлянов Абдужалил кездесу өткізді.
"Топар жылыжайлары" ЖШС - нің негізгі бағыты-жыл бойы жылыжай көкөністерін өсіру. Кәсіпорынның жұмысы жылыжай шаруашылығында заманауи, ең тиімді технологияларды енгізуге және қолдануға негізделген. Бұл ретте кәсіпорын өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын барынша аз пайдаланған кезде өсірілген жоғары сапалы экологиялық таза өнім алуға бағдарланады.
Кездесу барысында өсіру тиімділігін арттыру мақсатында жылыжайларды терең жаңғырту мәселелері талқыланды