Комплаенс-қызмет қоғам ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және олардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша ішкі стандарттарды түсіндіру» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру кездесуін өткізді.
2022 жылғы 19 желтоқсанда «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы « АҚ-да
қоғам қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар-кеңес өткізу шеңберінде комплаенс қызметінің басшысы қатысушыларды «Сарыарқа «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 17 тамыздағы шешімімен бекітілген «Сарыарқа «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен таныстырды, семинарға қатысушыларға қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоғарыда көрсетілген ішкі нормативтік құжаттарды іске асыру мәселелері және олардың мазмұнында көрсетілген ұстанымдарды іске асыру тәсілдері жөнінде түсініктеме берді.