«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылдың 27 наурызынан бастап «Сарыарқа» ӘКК» АҚ бюджеттік несиелендіруге өтінімдерді қабылдауды бастады. Жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге 748 өтініш қабылданды.
2023 жылғы 5 қазан күнгі жағдай бойынша, бюджеттік несиелеу шеңберінде барлығы:
1 994 233 000 теңге сомасына 253 жоба келісілді,
Оның ішінде 1 643 723 000 теңге сомаға 205 несие берілді.
Бүгінгі таңда өтініштерді қарау барысы жолға қойылды, өтініштер қабылдау тәртібіне сәйкес қаралады.