«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы « акционерлік қоғамы 2023 жылғы 15 ақпандағы № 6 хаттамаға және 20.02.2023 жылғы №7 хаттамаға сәйкес ӘКК әлеуметтік павильондары арқылы, Қарағанды қаласының супермаркеттері арқылы, сондай-ақ Қарағанды облысының өңірлері арқылы күнбағыс майы, қарақұмық жармасы мен картопқа нарықтық бағадан төмен бағамен тауарлық интервенция (өткізу) жүргізілетіні туралы хабарлайды.
ӘКК нің күнбағыс майына сату бағасы литріне 650 теңге;
Соңғы тұтынушы үшін күнбағыс майының сату бағасы литріне 715 теңгеден аспайды.
Қарақұмық жармасына ӘКК сату бағасы килограмына 417 теңге;
қарақұмық жармасына соңғы тұтынушы үшін сату бағасы-килограмына 439 теңгеден аспайды.
ӘКК картоптың сату бағасы килограмына 116 теңге;
картоптың соңғы тұтынушысы үшін сату бағасы-килограмына 133 теңгеден аспайды.