Қарағандыда күлі төмен жоғары сапалы көмір шығарыла бастайды. Жаңа байыту фабрикасының ТМД-да баламасы жоқ. Qaz Carbon компаниясының ірі инвестициялық жобасын іске қосу ҚР премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өтті. Инвесторлардың айтуынша, жобаның құны 12 млрд теңгені құрады. Оны іске асырудың арқасында 110 жаңа жұмыс орны құрылды. Зауыттың қуаты сағатына 300 тонна байытылған көмір немесе жылына екі миллион тонна.
– Қарағанды облысы – шикізат өндіруден бастап қайта өңдеуге дейінгі өнеркәсіптік кластерлер құрылатын индустриялық өңір. Бүгін біз жаңа технологияларды қолдана отырып салынған байыту фабрикасының ашылуына қатысып отырмыз, - деді Роман Скляр. - Qaz Carbon компаниясының ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар. Өткен жылы осы алаңда құю өндірісін ауқымды жаңғырту жүргізілді. Жақында жаңа ферроқорытпа зауыты іске қосылады деп күтілуде.
На предприятии применяется технология «мокрого обогащения». Бүкіл процедура қоршаған ортаға зиян келтірместен жабық циклде жүреді. Өндіріс процесі толығымен автоматтандырылған. Әлемдік технологиялық әзірлемелерді қолдану және жаңа жабдықтарды орнату "Индустрия 4.0" бағдарламасының параметрлеріне сәйкес келеді.
- Зауыт құрылыс кезеңінде заманауи ақылды технологияларды енгізудің үлгісіне, сондай-ақ жергілікті экономиканы қолдаудың үлгісіне айналды. Өндіріс үшін шикізат біздің Қарағанды көмірі болып табылады, яғни қазақстандық құрамның үлесі 100% құрайды, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. - Ең бастысы, зауыт 100-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын береді және өңірдің дамуына оң әлеуметтік-экономикалық әсер етеді.
Кәсіпорын өнімдерін экспортқа жіберу жоспарлануда. Оның бір бөлігі Қарағанды ферроқорытпа зауытының қажеттіліктеріне жұмсалады.
Жобаны іске асыру өңір экономикасын әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
- Өткен жылы пандемияға байланысты әлемдік экономика қиын жағдайға тап болды. Барлығы шешім табуға тырысты. Ел өңірлері ішкі резервтерді іздеуге күш жіберді. Қарағанды облысы қиындықтарға қарамастан дами алды. Бұл зауыт жеті айда салынған. Біз бүкіл командамызға орасан зор жұмысы үшін алғыс айтамыз. Елбасы мен ел Президентіне инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамыз, – дейді "Qaz Carbon" ЖШС акционері Ерлан Нығматулин.
Компания акционерлері құю өндірісін жаңғыртуға қомақты қаражат салды.
Бүгінде Qaz Carbon кокс пен жартылай кокс, шойын және болат өнімдерін өндірумен айналысады.
Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында "Сантехпром" ЖШС-де болып, оған өндірісті жаңғырту жоспарын ұсынды. Сонымен қатар, вице-премьер өңірдегі "Тау-Кен Самұрық "ҰТК" АҚ жобаларының іске асырылу барысымен танысты.