«Сарыарқа «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ӘКК) Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі мамандандырылған ұйым бола отырып, келесіні хабарлайды.
Құрамына картоп кіретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2010 ж. №145 қаулысымен бекітілген.
ӘКК «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы көлемі 500 тонна картоп сатып алуды жоспарлап отыр.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №52/01 қаулысымен (Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 60/01 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларының 20-тармағына сәйкес өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден және (немесе) және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлар) іске асырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде 2023 жылдың мамыр-маусым айларына дейін сақтауды ескере отырып, картоптың сату бағасы бойынша ақпарат беруіңізді сұраймыз, сондай-ақ «СТ-KZ»тауарының шығу тегі туралы сертификат/сәйкестік сертификаты/сәйкестік туралы декларация, сондай-ақ ӘМАТ-қа карантиндік сертификат беруіңізді сұраймыз.
Ор.Жадрина Л.К.