"Сарыарқа "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ӘКК) Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі мамандандырылған ұйым бола отырып, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2010 ж. №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі құрамына қарақұмық жармасы кіреді.
ӘКК "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану" бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы көлемі 136 тонна қарақұмық жармасын сатып алуды жоспарлап отыр.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №52/01 қаулысымен (Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 60/01 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларының 20-тармағына сәйкес өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден және (немесе) және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлар)іске асырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚҚС және Майқұдық станциясына дейін жеткізуді ескере отырып, қарақұмық жармасының сату бағасы бойынша ақпарат беруіңізді сұраймыз, сондай-ақ қарақұмық жармасының сапалық сипаттамаларын ("СТ-KZ"тауарының шығу тегі туралы сертификат/сәйкестік сертификаты/сәйкестік туралы декларация, Жарамдылық мерзімі, өндірілген күні) беруіңізді сұраймыз.