"Сарыарқа" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Акционерлік қоғамы Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі мамандандырылған ұйым бола отырып, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.03.2010 ж. №145 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі құрамына күнбағыс майы кіреді.
ӘКК "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану" бағдарламасын іске асыру шеңберінде күнбағыс майын сатып алуды жоспарлап отыр.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №52/01 қаулысымен (Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 60/01 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларының 20-тармағына сәйкес өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден және (немесе) және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлар) іске асырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚҚС және Майқұдық станциясына дейін жеткізуді ескере отырып, күнбағыс майының сату бағасы бойынша ақпарат беруді сұраймыз, сондай-ақ күнбағыс майының сапалық сипаттамаларын ("СТ-KZ" тауарының шығу тегі туралы сертификат /сәйкестік сертификаты/сәйкестік туралы декларация) ұсынуды сұраймыз.
Орынд. Жадрина Л.К.
Тел: 8(7212) 980345