«Сарыарқа «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сәбіз сатып алуды жоспарлап отыр.
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №52/01 қаулысымен (Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 60/01 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларының 20-тармағына сәйкес өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден және (немесе) және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлар) іске асырылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, 2023 жылғы мамыр-маусымға дейін сақтауды ескере отырып, сәбізге арналған сату бағасы бойынша ақпарат беруіңізді сұраймыз, сондай-ақ «СТ-KZ» тауарының шығуы туралы сертификат/сәйкестік сертификаты/сәйкестік туралы декларация, сондай-ақ ӘМАТ-қа карантиндік сертификат беруіңізді сұраймыз.