Title
Инвесторларға қызмет көрсету орталығы
Инвесторларға қызмет көрсету Орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі және "инвесторлар үшін "бір терезе" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығы негізінде жүзеге асырады
Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 12/04 қаулысымен "Сарыарқа "ӘКК" АҚ инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйым ретінде айқындалды.
Инвесторларға қызмет көрсету орталығының функциялары
1) тиісті өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
2) инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастыру, Инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізу, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;
3) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
5) өңір аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізу;
6) Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, оның ішінде шет мемлекеттің аумағында ұйымдастырған инвестициялық тақырып бойынша іс-шараларға қатысу;
7) ұлттық компанияны, оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет, оның ішінде инвестицияларды талап ететін өнеркәсіптік-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты ұдайы ұсыну;
8) мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ ұйымдар көрсететін қызметтерді алу кезінде инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;
9) құрылтай құжаттарына сәйкес қолда бар өкілеттіктер шегінде инвесторлардың туындайтын мәселелерін шешуге, оның ішінде орталық мемлекеттік органдармен және ұйымдармен кездесулерге бастамашылық жасау жолымен жәрдем көрсету;
10) инвесторларға инженерлік коммуникациялар жүргізуге, жер учаскелері бойынша ақпарат алуға, оларды ресімдеуге, ұсынуға, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру үшін рұқсат беру құжаттарына жәрдем көрсету.
Байланыс ақпараты:
Электрондық пошта: info@spk-saryarka.kz
Тел. +7-701-740-20-19