Халықаралық ынтымақтастық
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға белсенді ықпал етеді.
Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аймақтарымен ынтымақтастық:- Қарағанды облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясының Томск және Свердлов облыстарының және Беларусь Республикасының Минск және Брест облыстарының Үкіметтері арасындағы келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындау шеңберінде "Сарыарқа "ӘКК "ҰК" АҚ тұрақты негізде бірлескен ынтымақтастықты іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша жоғарыда аталған облыстарға Қарағанды облысының инвестициялық жобалары қарауға жіберілді.
- «Сарыарқа» ӘКК» АҚ танылған халықаралық қаржы институттарымен және компаниялармен: Еуропалық Қайта құру және даму банкімен, халықаралық қаржы корпорациясымен ынтымақтастықты жүзеге асырады («Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ, Қарағанды облысының әкімдігі және ХҚК арасында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және ақпарат алмасу бойынша өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум жасалды).
- «Технониколь корпорациясы» ЖШҚ (Ресей Федерациясы). «Техно-Қазақстан «зауыты» ЖШС базальт оқшаулау және экструзиялық пенополистирол өндіру зауыты құрылысының жобасы арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген. «Сарыарқа» АЭА аумағында жер учаскесі алынды;
- "Seven Refractories Asia" ЖШС (Австрия) – «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында отқа төзімді бұйымдар өндіретін зауыт салу туралы келіссөздер жүргізілуде;
- «Сарыарқа» АЭА аумағында жобаларды іске асыру мәселелері бойынша Голландия, Сауд Арабиясы, Германия және т.б. елдердің шетелдік инвесторларымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізілуде.