Экономика және бухгалтерлік есеп департаменті
«Сарыарқа» ӘКК» АҚ қаржылық жоспарлау және стратегиялық даму департаментінің негізгі міндеттері мен функциялары
Департаменттің негізгі мақсаттары стратегиялық және қаржылық жоспарлау және талдау тетігі арқылы қоғам қызметінің қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, қоғам дамуының перспективалық міндеттері мен бағыттарын айқындау, қоғам дамуының ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізу болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:
-
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін тиімді жоспарлау.
- Қоғамның даму стратегиясы мен жоспарларын әзірлеу және іске асыру мониторингі.
Департамент келесі функцияларды орындайды:
-
Бизнес-жоспарлаудың негізгі бағыттарын ескере отырып, 10 жылдық кезеңге арналған даму стратегиясын әзірлейді;
-
Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының болжамын ескере отырып, 5 жылдық кезеңге арналған қоғамды дамыту жоспарын қалыптастырады;
-
Даму жоспарын қалыптастыру шеңберінде қоғамның бюджетін құрайды және қоғамның бюджеттеу жөніндегі жұмыс органы болып табылады;
-
Қоғамның Даму стратегиясы мен даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
-
Қоғамның Даму стратегиясы мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептер дайындайды;
-
Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға қажетті есептерді жібереді;
-
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдайды, қоғам жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар дайындайды;
- Еншілес және тәуелді ұйымдардың даму жоспарларын олардың қоғамның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан әдістемелік қамтамасыз етуді жүргізеді;
- Қоғамның қызметі бойынша презентациялар жинағын қамтамасыз етеді, жетекшілік ететін бағыттар бойынша басқарма төрағасына тиісті баяндамалар дайындайды;
- Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметі бойынша қорытындылар ұсынады;
- Өз құзыреті шегінде мемлекеттік және қадағалау органдарында қоғамның мүдделерін білдіреді;
- Департаменттің құзыреті мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастырады және өткізеді;
- Қоғамның Жарғысынан және Қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттардан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.