Жоба бойынша анықтама
"Қарағанды қаласының Октябрь ауданында емхана салу және оны одан әрі пайдалану"
Жобаның құны: 208 446,45 мың теңге
"Сарыарқа" ӘКК "АҚ және "Clinic Miras" ЖШС бірлесіп "Қарағанды қаласының Октябрь ауданында емхана салу және одан әрі пайдалану" жобасын іске асыру шеңберінде пациенттерге әлемдік медицина ғылымы мен тәжірибесін озық жетістіктерімен ұштастыра отырып, отандық медицинаның үздік дәстүрлеріне негізделген медициналық қызметтердің сапасына, сенімділігіне және қауіпсіздігіне кепілдік беретін емхана құру көзделеді.
Емхана жалпы ауданы 1600 м2 болып табылатын бір ауысымда 75 адамға медициналық көмек көрсетуге арналған жеке тұрған 2 қабатты ғимарат болып табылады.
Нысанның құрылысына "Clinic miras" ЖШС бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде Қарағанды қ., Октябрь ауданы, кәсіподақ к-сі, 1а уч. мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 3026 ш. м. жер учаскесі берілді.
Қазіргі уақытта емхананың құрылысы аяқталу кезеңінде.
Ашылуы 2022 жылдың жазында жоспарланған.