Жобаның құны: 125 млрд. теңге
Іске асыру кезеңі: 2022
Бірлескен кәсіпорын: "KamaTyresKZ"ЖШС
Жоба қатысушылары: "Татнефть-Нефтехим" ӨК " ЖШҚ, "Allur Tyres" ЖШС, "Сарыарқа "ӘКК"АҚ.
Жобалық қуаты: жылына 3,5 млн. шина
Іске асыру орны: Саран қ.
Жұмыс орындарының саны: 1116
Жобаны іске асыру үшін ҚР Ұлттық қорынан 20 млрд. теңге бөлінді. 2022 жылғы 31 наурызға дейін республикалық бюджеттен қосымша 11,2 млрд. теңге бөліну жоспарлануда. Шина зауытын іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланған. Жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтарды сатып алу мақсатында "KamaTyresKZ" ЖШС "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-мен қаржылық лизинг шартын жасасуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.