«Сарыарқа» ӘКК» АҚ бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциум) жасасу жолымен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын күн электр станциясымен жарықтандыру жөніндегі пилоттық инвестициялық жобаны (бұдан әрі – Жоба) бірлесіп іске асыру үшін серіктес таңдау бойынша конкурс жариялайды.
Конкурс «Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.01.2016 жылғы №13 қаулысына сәйкес өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен уақыты:
2026 жылғы 10 қыркүйекте Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-де.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 20 тамыздан 9 қыркүйекке дейін.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау орны:
Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қ, Әлиханов көш., 4-үй, 113-кабинет.
Инвестициялық жоба, конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ қатысушыларға және конкурстық өтінімдерге қойылатын талаптар туралы ақпарат «Сарыарқа» ӘКК» АҚ ресми сайтында орналастырылған: www.spk-saryarka.kz.

